Қарағанды облысында жаппай төбелеске қатысты қылмыстық іс қозғалды
Опубликовано:
Полиция Қарағанды облысындағы Жәйрем кен-байыту комбинатында жаппай төбелес шығарғандарға қатысты қылмыстық іс қозғады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қылмыстық кодекстің 293 бабы 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тергеу органдары болған оқиғаның мән-жайын анықтайды", – деп мәлімдеді өңірдің полиция департаменті баспасөз қызметі жетекшісінің қызметін атқарушы Бақытжан Құдияров.
Полиция қазіргі уақытта Жәйрем ауылындағы жағдай қалыпты екенін жеткізді.
Еске сала кетейік, 12 тамызда Жәйрем кен-байыту комбинатында жаппай төбелес болып, салдарынан бірнеше адам жеңіл жарақат алған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810747-karagandy-oblysynda-zappaj-tbeleske-katysty-kylmystyk-is-kozgaldy/