Алматының кей аудандарында неліктен жарық жоқ екені белгілі болды
Опубликовано:
Бүгін, 13 тамызда, күннің жартысында Алматының кейбір аудандарынада электр жарығы өшіп қалды. Мұның немен байланысты болғанын «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ түсіндіріп берді деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"2019 жылғы 13 тамызда сағат 17: 42-де қосалқы станцияның сыртындағы кабельдік каналдағы 6-10 кВ қуат сымдарының тұтануы нәтижесінде Алматы қаласының "Есентай" № 168А қосалқы станциясында электр энергиясының ішінара ажыратылуы орын алды", - деп мәлімдеді АЖҚ.
Қазіргі уақытта тұтынушыларды басқа қосалқы станцияларға ауыстыру, сондай-ақ бүлінген кабельдерді жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
"«Алатау Жарық Компанасы» АҚ мамандары барлық мәселелерді тезірек шешуге және барлық тұтынушыларды тезірек байланыстыруға бар күшін салады", - делінген хабарламада.
Келтірілген залалдың себеп-салдары анықталуда. Компания мегаполистегі жағдайды бақылауда ұстайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810794-almatyny-kej-audandarynda-nelikten-zaryk-zok-ekeni-belgili-boldy/