RU

Әкімшілік сел жүру қаупіне орай эвакуациялық пункттердің мекенжайын жариялады

14 тамызда Алматы қаласы Наурызбай ауданында сел жүру қаупі бар екені жайлы халыққа ескерту жасалды. Аталған аудан тұрғындарына үйлерін уақытша қалдыруға кеңес берілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Алматы облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті Қарғалы өзенінің арнасымен төмен орналасқан Әуезов және Алатау аудандарында тұратын халыққа хабар таратуда.

Эвакуациялық пункттер мына мекенжайлар бойынша орналасқан:

1. Жандосов-Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы ескі әкімшілік;

2. Шәймерденов көшесіндегі №175 мектеп;

3. Жандосов-Яссауи көшелерінің қиылысындағы №158 мектеп.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810848-kimsilik-sel-zru-kaupine-oraj-evakuacialyk-punktterdi-mekenzajyn-zarialady/