Алматыдағы сел қаупі: ТЖД алдын-алу үшін қандай жұмыстар атқарған?
Опубликовано:
Алматыдағы сел қаупі: Оңтүстік астананың төтенше жағдайлар департаменті сел жүрудің алдын алу мақсатында іске асырылған шаралар жөнінде ақпарат берді деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

Тағы оқыңыздар:
Алматыда кей аудандарда сел жүруі мүмкін (видео)>>
Әкімшілік сел жүру қаупіне орай эвакуациялық пункттердің мекенжайын жариялады>>
Алматыдағы сел қаупі: Сағынтаев оқиға орнына аттанды>>
ТЖД мәліметінше, сел қаупі туындаған көлдің суы 77 мың текше метрден 26 мың текше метрге дейін азайтылған.
"2015 жылы бұл плотинадан 30 мың текше метр су өткен. Бөгеттің жобалық қуаты 1,2 млн текше метр. Бұл жерге 600 мың текше метр су жетеді. Апаттық жағдайда секундына 10 текше метр су жіберіледі. Өзеннің арнасы 20 мың текше метрге есептеліп, бетондалған" , - деді ТЖД өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810852-almatyda-seldi-aldyn-alu-zmystary-kalaj-zrip-zatyr/