Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлігін айналып, "ақша шақырған" отандық полицей желіні жарды (видео)

Опубликовано:

Әлеуметтік желілерде қазақстандық полиция қызметкерінің "ақша шақыру" рәсімін өткізіп жатқан видео таратылды. Қазнет қолданушылары тәртіп сақшысының мұндай әрекетін қызу талқыға салды деп жазады Zakon.kz сайтына сілтеме берген KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр: Facebook

Видеодағы кадрдан полиция қызметкері ақшамен көлікті айнала желпіп жүргенін, артынша өзін де ақшамен желпігенін көруге болады.

Әкімшіліктің түсіндіруінше, полиция қызметкері болып жүрген актер екен. Ал, кадрдағы сахна кезекті телехикаялардың біріне тиесілі болып шықты.

Tengrinews.kz жазуынша, телехикая "Бастық боламын" деп аталады. Ал, полицияның рөлін сомдаушы - блогер Руслан Жанпейісов.

Режиссер Ерлан Қасымжанұлының айтуынша, телесериал үлкен бастық әрі тәртіп сақшысы, жол полициясының қызметкері болғысы келетін ауылдың жас әкімі туралы болмақ.

Қазақстандықтар аталмыш туындыны қарашаның соңында тамашалай алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810924-kligin-ajnalyp-aksa-sakyrgan-otandyk-policej-zelini-zardy-video/

pixel