Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңылтпаштарды мүдірместен айтқан қазақ қызы елді аузына қаратты

Опубликовано:

Эфирде жаңылтпаштарды мүдірмей оқып шыққан тележүргізуші арудың видеосы әлеуметтік желі қолданушыларын тәнті етті. Аталған бейнежазба Facebook және Instagram-дағы парақшаларда таралып кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Аталған видеоны алғашқылардың бірі болып Қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораев өз парақшасына жариялады.

"Нағыз мамандар бар екен ғой біздің салада. Жарайсың" , - деп жазды ол өзі жүктеген видеоға пікір білдіріп.

Желідегілерді тәнті етіп, таңғалдырған тележүргізушінің ролигін Ұлттық арнаның Instagram-дағы ресми парақшасы да жария етті.

Анықталғандай, жаңылтпаш айтумен елді аузына қаратқан бойжеткен "Қазақстан" телерадиокорпорациясының филиалы - "Оңтүстік" телеарнасының редактор-жүргізушісі Динар Нахыпбек есімді қыз болып шықты.

Ол бірнеше жаңылтпашты сүрінбестен бір жарым минутта оқып шыққан.

Желі қолданушылары журналистің жылдамдығына таңырқап, мақтау сөздерін жаудырды.

"Жарайсың! Тәнтіміз!", "Керемет жəне дикциясы да жоғары деңгейде", "Егер алдында тұрған экраннан оқымай, өзі жатқа айтса, мақтауға тұрарлық", "Даусының тембірі керемет екен", - деген сынды пікірлер көптеп жазылуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810940-zayltpastardy-mdirmesten-ajtkan-kazak-kyzy-eldi-auzyna-karatty/

pixel