Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте қолын сындырып, сынықшыға барған 12 жасар бала көз жұмды

Опубликовано:

Шымкент қаласында 13 жастағы жасөспірім қайтыс болды. Бұған дейін кәмелет жасқа толмаған бала қолын сындырып, сынықшыға қаралған көрінеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

12 тамыз күні түнгі сағат он шамасында жедел жәрдем қызметіне 2006 жылы туған баланың денсаулығының күрт нашарлағаны туралы ақпарат келіп түскен. Алайда ақ халаттылар жасөспірімді аман алып қала алмапты.

Жедел жәрдем келгенше бала көз жұмған. Марқұмның ата-анасы баласының жарақатымен ешқандай емдеу мекемелеріне жүгінбеген.

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының ана мен баланы қорғау бөлімінің жетекшісі Глазебная Анна Михайловнаның айтуынша, қызметтік тексеру жұмыстары жүргізілетін болады.

"Баланың анасы емханаға перзентінің ешқандай жарақаты туралы шағымданып келмеген. Шақыртуға шұғыл жеткен жедел жәрдем қызметі тек баланың өлімін анықтаған. Қызметтік тексеру жүргізілетін болады. Тауар сапасы мен қауіпсіздігін қадағалаушы комитетке жеке тұлғаға қатысты тексеру жұмыстарын жүргізу үшін сұраным хат жолданды", - дейді Анна Глазебная.

Қайғылы жағдайға дейін қолы сынған баласын ата-ана сынықшыға өздері алып барған. Оқиға орнында Шымкент қаласы Еңбекші аудандық полиция бөлімінің тергеу тобы жұмыс істеді. Ал Шымкент қаласы полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1810984-symkentte-kolyn-syndyryp-synyksyga-bargan-12-zasar-bala-kz-zmdy/

pixel