Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда құрылысшыларды Индустрия министрі Роман Скляр құттықтады

Опубликовано:

Өткен демалыс күндері қазақстандық құрылысшылар өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтті. Дәстүр бойынша бұл күні BI Group қызметте жауапкершілігімен және кәсібилігімен көзге түскен құрылысшыларды марапаттады. Мереке иелерін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр құттықтады. Сондай-ақ, ол Холдинг басшыларымен бірге үздік құрылысшыларға «Құрметті құрылысшы» және «Құрметті жолшы» төс белгілерін табыс етті.

Нұр-Сұлтанда құрылысшыларды Индустрия министрі Роман Скляр құттықтады

Роман Скляр өз сөзінде еліміздің құрылыс саласын дамытудағы BI Group холдингінің жетекші рөлін және Елбасының тапсырмасы бойынша «Нұрлы жол» және «Нұрлы Жер» бағдарламалары аясында республикалық маңызы бар жобаларды жүзеге асырып жатқанын атап өтті.

- Еліміздің құрылыс саласындағы ең үздік компанияға тоқтаусыз дамып, гүлденуін, сіздердің басшылық құрып отырған ұжымдық рух әрі қарай да үнемі сіздермен болуын тілеймін! Әрқашан алда болыңыздар! – деп ізгі тілегін білдірді министр.
Нұр-Сұлтанда құрылысшыларды Индустрия министрі Роман Скляр құттықтады

«Құрметті құрылысшы» атағын құрылысшы-инженерлер Қайрат Теміреев, Шохан Ибраев, Қанат Меңдіқұлов және Жамбыл Жетпісбаев иеленді.

Ал «Құрметті жолшы» атағы инженерлер Ниазбек Жананов пен Жеңіс Меңдіғалиевке, техникалық менеджер Абай Смағұловқа, машинист Василий Медведевке берілді.

Нұр-Сұлтанда құрылысшыларды Индустрия министрі Роман Скляр құттықтады
- Мен құрылысқа 1985 жылы келдім. Содан кейін, жауынгерлік барлау қызметі кезінде казарманың құрылысына қатыстым. Әріптестеріммен бірге ауқымды Nova City тұрғын үй кешенін салудамыз. 3 жыл ішінде мемлекеттік-жеке меншік серіктестіктің арқасында бос жатқан далада 14 үйден тұратын толық бір шағын аудан пайда болды, 3500 отбасы қоныс тойын тойлады, - дейді Шохан Ибраев.
Нұр-Сұлтанда құрылысшыларды Индустрия министрі Роман Скляр құттықтады

BI Group бастамасымен алғаш рет құрметті атақтар мен грамоталарға ие болу мүмкіндігіне Холдингтің серіктес мердігерлерінің қызметкерлері де ұсынылып, жоғары марапаттарға ие болды. Олар Александр Шипилин, Әшім Жабаев, Наурызбек Қаспақов, Вера Гаитова, Салават Ермұханов, Бауыржан Спанов, Құдірет Қалманов.

Сондай-ақ құрылысшылардың атына қазақстандықтардың әл-ауқатын әрі қарай арттыруға бағытталған жасампаз үрдіске BI Group құрылысшыларының қосқан үлесі атап өтілген ҚР Премьер министрінің, қалалар мен облыс әкімдерінің, ұлттық компаниялар мен қаржы ұйымдары басшыларының, холдинг серіктестерінің құттықтаулары келіп түсті.

Нұр-Сұлтанда құрылысшыларды Индустрия министрі Роман Скляр құттықтады

BI Group холдингінің құрылысшылары мен мердігерлерін құттықтау рәсімі мерекелік концертпен аяқталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810990-nr-sltanda-krylyssylardy-industria-ministri-roman-sklar-kttyktady/

pixel