Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Саяхаттап жүрген қазақстандық отбасы Гонконгта көтеріліске тап болды (видео)

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Ануар Искаков өзінің Facebook парақшасында Гонконгтан видео жариялады. Ер адам жұбайы және балаларымен бірге әуежайда өткен көтерілістің ортасында қалып қойған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: facebook.com/anuar.iskakov.18
Фото: facebook.com/anuar.iskakov.18: Facebook

Бейнежазбада әуежай жұмысының тоқтауына себеп болған қара киім мен бетперде киген демонстранттардың ұшу және келу залдарын қалай басып алғандығы көрсетілген. Барлық рейстер тоқтатылды.

Ануардың Tengrinews.kz сайтына айтуы бойынша, ол әйелі және үш баласымен 12 тамызда Гонконгтан Абу-Дабиге ұшпақ болған.

Алайда, олардың жоспарына көтерілісшілер кедергі болыпты.

Отбасы әуежайға келген бетте қолдарына плакаттар мен полициямен қақтығыстарды көрсететін ауыспалы теледидарлар алып жүрген адамдарға тап болған.

Сөйтіп, ер адам Қазақстанның Гонконгтағы бас консулдығына хабарласады.

"Олар жарады, тез арада келіп, бізді өз көліктерімен қонақүйге алып барды. Артынша, бізге рейсіміз келесі күні кешкі беске ауысатыны жөнінде смс хабарлама келді. Таңертеңгісін бас консулдық қыметкерлері қонақ үйден алып, әуежайға апарып салды, олардың түнде ұйқы көрмей, біздің Абу-Дабиге ұшу мәселемізді шешкені көрініп тұрды", - деді Ануар.

Отбасы Абу-Дабиге таңертеңгісін ұшып кете алған.

"Жалпы, біздің консулдық тамаша жұмыс жасады", - деді қазақстандық азамат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1811077-saahattap-zrgen-kazakstandyk-otbasy-gonkongta-kteriliske-tap-boldy-video/

pixel