Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айгүл Орынбек Түркістан облысында өзін өртемекші болған тұрғынның видеосын жариялады

Опубликовано:

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады. Ол Түркістан облысындағы халықтың шағымын айтып, өңірдегі шенеуніктердің лайықты деңгейде жұмыс атқармай жатқанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр, Instagram/aigul_orynbek
Видеодан кадр, Instagram/aigul_orynbek: Facebook

Бұл туралы заңгер Instagram желісіндегі парақшасында жазып, өзіне қол жұмсауға ұмтылған тұрғынның видеосын жүктеді.

Айгүл Орынбек үйін сүруге жіберіп, ақшасын бермегендіктен, Түркістан қаласының тұрғыны өзін өртемекші болғанын жеткізді.

Оның сөзінше, Арыс қаласында да шағым жазып, көмек сұраушы халық көп.

Заңгер ол жақта құрылыс дұрыс жүріп жатпағанын алға тартты.

"Маған келіп түсіп жатқан шағымдардың барлығымен осында бөлісуге тура келеді. Себебі Арыс қаласы өзімнің шыққан жерім. Жерлестерімнің алдында жерге қарағым келмейді. Олар дәл қәзір маған үміт артып отыр", - деді Айгүл Орынбек.

Сонымен қатар танымал блогер дәл қәзір аудан-аудандардан түсіп шатқан шағымдар өте көп екенін бірнеше рет әкім қызметкерлеріне ескерткенін алайда жүріп жатқан жұмыс көрмегенін айтады.

31 арнаның мәліметінше, Түркістанда кесене маңындағы үйлері сот шешімімен бұзылуға жатады деген тұрғындар мен сот орындаушылары арасындағы келіссөз дау-жанжалмен жалғасқан.

Облыс әкімінің сөзінше, аталған аумақтағы 160 нысанның 130-ы ерікті түрде көшкен, қалған бөлігінде халықтың тарапынан наразылық болған,

Апелляцияға шағымданған тұрғындар талабын сот қанағаттандырмағаны, шешім күшіне енгені белгілі болды. 

"Өткен жылы заңға өзгеріс енгізілген. Соған сәйкес, бұлардың бағаланып жатқаны бұдан көтеріңкі. Ендігі жылы заңға өзгеріс енгізілсе, одан көтеріңкі болуы мүмкін. Сол себепті біз барлық жұмысты заңға сәйкес жүргізіп жатырмыз", - деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Тәжібек Мұсаев. 

Баспана ақысының қаржысы сот орындаушысының депозиттік шотына аударылғанын, тұрғын есепшотын ұсынса, тез арада ақысы төленетіні де айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1811268-ajgl-orynbek-trkistan-oblysyny-atka-minerlerine-sjlikti-video/

pixel