Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Лагерьдегі шу": Аружан Саин тәрбиешінің балаларды не үшін ұрғанын айтты

Опубликовано:

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин Түркістан облысында тәрбиешінің жеткіншектерді соққыға жығуына қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/aruzhan_sain, видеодан кадр
Фото: Instagram/aruzhan_sain, видеодан кадр: Instagram

Бұл туралы Аружан Саин Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Ол оқиға 15 тамызда болғанын айтты.

"15 тамызда балалар 2001 жылы дүниеге келген тәрбиеші суға түсіп жатқан душты сығалап қараған. Байқап қалған тәрбиеші ашуланып, оларды ұрып, тепкен. Бұл оқиғаны балалардың бірі видеоға түсіріп, WhatsApp қосымшасы арқылы топқа жіберген", - деді ол.

Аружан Саин видеоны белгісіз біреу ата-аналарға жа жібергенін жеткізді.

"Кәмелетке толмағандар фактіні жоққа шығаруда. Демалушылардың ата-аналары шақырылды. Сырттай қарағанда кәмелетке толмағандарда көзге түсетін зақым жоқ. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Аталған факті Төле би аудандық полиция бөлімінің ақпараттарды тіркеу кітабына тіркелген, тексеру жүріп жатыр", - деді бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

Еске сала кетсек, Түркістан облысында орналасқан лагерьде балаларды ұрған тәрбиешінің видеосы желіде тараған болатын. Осыған байланысты білім және ғылым министрінің кеңесшісі пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1811512-lagerdegi-su-aruzan-sain-trbiesini-balalardy-ne-sin-rganyn-ajtty/

pixel