Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысының тұрғындары бес балға дейінгі жер сілкінісін сезді

Опубликовано:

"ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ" ММ сейсмикалық станциясы желісімен 18 тамыз күні оңтүстік астана уақытымен 05 сағат 07 минутта жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 245 км солтүстік-шығыс аумағындағы Алматы облысы, Панфилов ауданында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық сыныбы 12.8. MPV Магнитуда 5.4. Тереңдігі 5 км.

Жаркентте 4-5 балл, Талдықорғанда 2-3 балл, п. Кеген ауданы, Сатыда 2-3 балл болып сезілді.

Ведомствоның хабарлауынша, қираулар мен зардап шеккендер туралы хабар жоқ.

Алматы облысының ТЖД мәліметтері бойынша, оларға Талдықорған қаласының тұрғындарынан анықтама сипатындағы 12 қоңырау келіп түсті.

Панфилов және Кеген аудандарының тұрғындары 112-ге хабарласпаған.

Жедел желі телефондары: 8(7282) 22-38-52, 8(7282) 22-15-91.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1811557-almaty-oblysyny-trgyndary-5-baldyk-zer-silkinisin-sezdi/

pixel