"Үндеріңіз маған жетті": Тоқаев арнайы балабақшалардың тәрбиешілеріне жауап берді
Опубликовано:
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балабақшалар мен ерекше балаларға арналған мектеп тәрбиешілерінің жалақысын арттыру мәселесін үкіметтің қарастыратынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Менің атыма науқас балаларға арналған балабақшалар мен мектептердің тәрбиешілерінен олардың құқықтарын мұғалімдермен теңестіріп, жалақыларын көбейту жөнінде өтініштер келіп түсуде. Үндеріңіз маған жетті. Келесі жылы Үкімет осы мәселені қарастырады", - деп жазды президент.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық мұғалімдерге жалақыны 4 жыл ішінде екі есеге арттыруды тапсырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1811586-tokaev-arnajy-balabaksalardy-trbiesilerine-zauap-berdi/