Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Қазақ мәдениеті қоғамының басшысы он жылға сотталуы мүмкін

Опубликовано:

Мәскеуде құқық қорғау қызметкерлері Ресейдегі қазақ мәдениеті қоғамының басшысы Ерназар Нұриевті тұтқындады. Ер адам бюджеттік қаржыны жымқырды деп айыпталуда деп хабарлайды «НТВ» арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ерназар Нүриев. Фото: "НТВ" видеосынан кадр
Ерназар Нүриев. Фото: "НТВ" видеосынан кадр: UGC

ЖҚАЖ сарбаздары мен тергеушілері бірнеше күн бұрын ғана Нұриевтің пәтеріне басып кірген.

Ер адам шақырылмаған қонақтарды үйіне кіргізгісі келмегендіктен, құқыққорғау органдарының қызметкерлері күш қолданып, есікті бұзып кіруге мәжбүр болыпты.

Ерназар Нүриевке бюджеттік қаржыны жымқырды деген айып тағылды.

Тергеу мәліметінше, Мәскеу билігі осыдан екі жыл бұрын "Алтын күз" атты қазақ әнінің фестивалін өткізу үшін оған екі млн рубль көлемінде ақша бөлген. Алайда, қаржы толығымен белгіленген шараға жұмсалмаған болып шықты.

Тергеушілер Нұриев 400 мың рубль (шамамен 2,3 млн теңге) көлеміндегі қаражатты өз қалтасына басты деп болжауда.

Қазақ мәдениеті қоғамы басшысының үйінде жасалған тінту жұмыстары кезінде ақша табылған жоқ. Алайда, құқық қорғау қызметкерлері қажетті айғақтарды анықтаған.

Полицейлер бюджеттен қаржы жымқырылған бір оқиғаны дәлелдеді. Оған қоса, қазақстандық азамат өз кінәсін жоққа шығарып отыр.

Қызметтік лауазымын пайдаланып жасалған алаяқтыққа қатысты іс жақын арада сотқа өтетін болады. Қазақ мәдениеті қоғамының басшысы он жылға темір торға тоғытылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1811897-bak-kazak-mdenieti-kogamyny-bassysy-on-zylga-sottalauy-mmkin/

pixel