Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында өгей шешесі мен оның анасын аяусыз сабаған күдікті ұсталды

Опубликовано:

Түркістан облысында қарт әйелдерді аяусыз соққыға жыққан күдікті қолға түсті деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Фото: Видеодан кадр/ ERNUR.KZ
Фото: Видеодан кадр/ ERNUR.KZ: Facebook

Департамент баспасөз қызметінің мәліметінше, іздеу салынған күдіктіні ұстауға бірнеше тәулік кеткен.

"Келес аудандық полиция бөліміне ауруханаға екі әйел дене жарақатымен жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері жергілікті тұрғын өгей шешесі мен анасын жарақаттап, қылмыс орнынан бой тасалағанын анықтады. Аталған оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 107 және 149-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Бірнеше тәуліктен кейін жедел-іздестіру іс-шарасының арқасында күдікті ұсталды. Оқиғаның мән-жайы әлі анықталуда. Күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта

Айта кетейік, осыған дейін Түркістан облысында ер азамат өгей шешесі мен оның анасын соққыға жыққан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1811947-trkistan-oblysynda-gej-sesesi-men-ony-anasyn-aausyz-sabagan-kdikti-staldy/

pixel