Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент әкімінің экс-орынбасары лауазымды қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Қазақстан премьер-министрінің өкімімен Жумин Данат Есболұлы премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды деп хабарлайды primeminister.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: otyrar.kz
Фото: otyrar.kz: UGC

Данат Жумин 1983 жылы Қостанай облысында туған. 

Қостанай бизнес колледжін "Менеджмент және бухгалтерлік есеп" мамандығы бойынша, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "Саясаттану" мамандығы бойынша, "Болашақ" бағдарламасы бойынша Монтана университетін (Монтана штаты, АҚШ) мемлекеттік басқару магистрі дәрежесімен бітірген, Гарвард бизнес мектебінде жоғарғы басшыларды даярлаудың үшжылдық бағдарламасын тәмамдаған. 

2002-2007 жж. мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға белсене қатысқан.

Қазақстан студенттер альянсын басқарған, Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директоры қызметін атқарған. 

2009-2011 жж. мемлекеттік басқару саласында жұмыс істеді.

"Мемлекеттік қызметшілер персоналын басқару бойынша ұлттық орталық" АҚ департамент директоры, президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясы ректорының кеңесшісі, президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының дипломатия институтының директорының орынбасары болып тағайындалған.

Мемлекеттік басқару реформалары жөніндегі Еуропалық комиссияның ұлттық сарапшысы болды. 

2011-2013 жж. "Apex Consult" ЖШС - 2010 жылы құрған стратегиялық маркетингтік коммуникациялар саласындағы консалтингтік агенттіктің бас директоры қызметін атқарды. 

2013-2014 жж. — Хатшылық басшысы – "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі. 

2014-2016 жж. — "Қазақстан - 2050" Жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы. 

2016-2017 жж. — "Apex Consult" ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы. 

2017 ж. қараша айынан "Нұр Отан" партиясының саяси жұмыстар департаменті директорының орынбасары, 2018 ж. - департамент директоры болып тағайындалды. 

2018 жылғы шілде айынан 2019 жылғы тамыз айы аралығында Шымкент қаласының әкімінің орынбасары лауазымын атқарды, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және инвестициялар, ауыл шаруашылығы, туризм, цифрландыру мәселелеріне жетекшілік етті. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1811974-symkent-kimini-eks-orynbasary-lauazymdy-kyzmetke-tagajyndaldy/

pixel