Nur Otan партиясының төсбелгісін қай министрлер тақпайды? (фото)
Жарияланған күні:
Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында партияның төсбелгісін тақпайтын шенеуніктерді сынады. Ал, KAZ.NUR.KZ редакциясы қай министр төсбелгіні тақпайтынын анықтады.
Лидердің сөзінше, барлық партия мүшелері арнайы төсбелгіні тағуы керек. Ол мысал ретінде, төсбелгі тағатын Малайзия үкіметін келтірді.
"Ал, біз ше? Партияға мүше екендігімізден қорқамыз ба? Онда шығыңыздар, басқаларын аламыз", - деді Елбасы.
Осыған байланысты KAZ.NUR.KZ редакциясы қай министр Nur Otan төсбелгісін тақпайтынын анықтады.
Кеше бірнеше министр баяндама оқыған үкімет отырысы өтті.
Үкіметтің баспасөз қызметі баяндама оқыған министрлердің фотоларын жариялады. Фотолардан олар партияның төсбелгісін тағатын-тақпайтынын көруге болады.
Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов жыл басынан бері инфляция деңгейі 4-6% қалпында сақталғанын айтты. Ол - Nur Otan партиясының мүшесі. Төсбелгісі жоқ.
Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов өз кезегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын ұстап тұру жөнінде баяндама оқыды.
Nur Otan партиясының мүшесі. Төсбелгісі жоқ.
Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров бағаны тұрақтандыру үшін өңірлерде азық-түлік тауарларын тұрақтандырудың аймақтық қорлары құрылып жатқанын айтты.
Nur Otan партиясының мүшесі. Төсбелгісі жоқ.
Қосымша primeminister.kz сайтында кешегі үкімет отырысынан жалпы фото жарияланды. Үкімет мүшелерінен ол фотодан да партияның төс белгісін көре алмадық.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1812212-nur-otan-partiasyny-tsbelgisin-kaj-ministrler-takpajdy-foto/