Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік мұғалім демалыста кафеде ыдыс жуып, балаларын асырап жүр

Опубликовано:

Жаз айларындағы демалысында кафеде ыдыс жуып, нәпақа табатын шымкенттік мұғалім жан сырымен бөлісті. Үш баланың анасы күндіз базарда жеміс сатуға да қолғабыс етеді деп жазады "Замана" басылымы.

Көрнекі сурет. Фото:freestockimages.ru
Көрнекі сурет. Фото:freestockimages.ru: Instagram

Лаураның айтуынша, оны базарда сауда істеп тұрған жерінен оқушылары мен олардың ата-анасы байқап қойған.

Сондай-ақ, басылым мәліметінше, Лаураның күйеуі жоқ екен. Ал балалары әлі жас, барлығы мектепте оқиды.

1 қыркүйек жақындағандықтан ұстаз балаларын мектепке дайындауға жаз бойы жанталасқан. Өз басында төлейтін несиесі тағы бар екенін айтты.

"Күніне 3 мың теңге төлейді. Енді бүкіл мектеп пен ата-аналар білетін болды. Бірақ ол үшін еш қысылмаймын", - дейді мұғалім.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1812240-symkenttik-mgalim-zazgy-demalysta-kafede-ydys-zuyp-balalaryn-asyrap-zr/

pixel