Медеудегі зорлық: Сотталушы азматтың жазасы күшейтілді
Опубликовано:
Алматыдағы Медеуде зорлау ісі бойынша жабық апелляциялық сот процессі өтті деп хабарлайды Тengrinews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Сот төрағасы айыпталушының жазасына 8 ай қосып берді. Нәтижесінде, ол колонияда 4 жыл және 2 ай өткізу керек.
Аппеляциялық шағым түсірген жәбірленушінің үкімге көңілі толды.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың мамыр айында Алматыдағы "Медеу" мұз айдынына жақын жерде қоғамдық дәретханада зорлау оқиғасы болған еді. Көп ұзамай 31 жастағы күдікті қамауға алынды.
Сот оны кінәлі деп танып, 3 жыл және 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сонымен қатар, ол жәбірленушіге моральдық шығын үшін өтемақы ретінде 300 мың теңге төлеуі тиіс.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1812269-medeudegi-zorlyk-sottalusy-azmatty-zazasy-ksejtildi/