Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Автобуста аяғын сындырған алматылық жолаушы жанайқайын жеткізді

Опубликовано:

Алматыда биылғы жылдың мамыр айында жолаушылар көлігі жауын суы ағатын құдыққа түсіп кетіп, бетіндегі темір қақпақ көліктің еденін тесіп өткен еді. Нәтижесінде 29 жастағы Мереке Сұраншиева зардап шекті деп хабарлайды КТК.

Фото: КТК арнасындағы видеодан кадр
Фото: КТК арнасындағы видеодан кадр: Depositphotos

Алматылық тұрғынның төсек тартып жатқанына 4 ай болды.

Қоғамдық көлікте сол аяғы сынған келіншек бірер күннен бері балдағын тастап таяққа сүйеніп жүріп жүр екен. Ал аяғынан тік тұрып кету үшін кемінде 1 жыл күтім қажет.

"Қазір аяғым 90 пайызға бүгіліп тұр. Одан артық бүгілмейді. Массаж керек дейді. Осыдан 1 апта бұрын ауруханаға барып қаралдық. 10 күн массаж жасатуға, емдеуге 170 мыңдай қажет екен. Ол тек қана емге. Одан бөлек анализ, терапевт бар. Оларды есептеген жоқ. 8 айдан соң қайтадан темірін алады. Қазір темірмен жүрмін", - дейді Мереке Сұраншиева.

Бүгінде зардап шеккен әйел адам еңбекке жарамсыз болып отыр. Ол өзіне ешкімнің көмектеспегенін, оның үстіне жұмыстан шығып кету мүмкіндігі барын айтып, налыды.

Сондай-ақ, арудың банкте де қарыздары бар екен. Ал отағасының табысы аз, ол да пәтер ақысынан артылмайды.

"Менің адвокатым барып, «адвокаттың ақшасымен 1 млн 500 берсін» деп айтыпты. Соттың шығындарымен, бәрімен бірге. Ал өзім қанша ақша есептейтінін әлі білмеймін. 4 айдан бері үйде жатырмын. Ешқандай жұмыс істеген жоқпын. Несием тұр бәрі жиналып", - дейді келіншек.

Автопарк басшылығы зардап шегушінің шағымын негізсіз деп тануда. Жолға жауапты мердігер компания істі сотқа жеткізбей автопаркке 900 мың теңге өтемақы төлеген. Ал, апатқа ұшыраған автобустың құны 45 млн теңге.

"Автопарк тарапынан ешқандай көмек көрсеткен жоқпыз. Өйткені өзіміз жәбірленуші болып саналамыз. Жәбірленуші ретінде бізге Медеу аудандық әкімдігі, жолаушылар көлігі басқармасы, солардың мердігер компаниясы – "Есік жолдары" ЖШС шығынды өтеп берді", - деді Сұлтан Назаров, "Авто Алма Транс" ЖШС заңгері.

Толығымен жөндеуден өткен қоғамдық көлік қазір жолаушыларды тасымалдап жүр.

Қалалық мобильдік басқармасы мамандарының пікірінше, өтемақының уақытылы берілмеуіне зардап шегушінің өзі кінәлі. Өйткені, Мереке Сұраншиеваның қорғаушысы ешбір құжат өткізбепті.

"Осы уақытқа дейін бізге зардап шегуші тарапынан ешқандай медициналық анықтамалар тапсырылған жоқ. Бірінші адвокаты Мереке Сұраншиева қазір ауруханада жатыр екен. Ары қарай істі екінші адвокатқа тапсырған. Бірақ екінші адвокат бізге хабарласпады", - деп айтты Алматы қалалық мобильдік басқармасының бас маманы Айдын Тойбазаров.

Коммуналшылардың салғырттығынан зардап шеккен келіншек пен адвокаты өтемақы көлеміне разы емес.

Мердігер компания жарты млн ұсынса, жәбірленуші денсаулығына келген зиян көлемін 1 жарым млн теңгеге бағалайды.

Сондықтан азаматтық сотқа жүгініп, тиісті соманы толықтай өндіріп алмақ ниетте.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1812317-avtobusta-aagyn-syndyrgan-almatylyk-zolausy-zanajkajyn-zetkizdi/

pixel