Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда ашуға булыққан азамат автобустың терезесін сындырып тастады

Опубликовано:

Көкшетау қаласында ашуланған азамат қоғамдық көліктің терезесіне тас лақтырып, сындырып кеткен. Бұл туралы полиция бөлімшесіне 49 жастағы кондуктор келіншек хабарлаған деп жазады Newtimes.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Кондуктордың сөзінше, қоғамдық көлік азаматты Нұрлы-Қош ауылына дейін жолақысыз апарып тастаудан бас тартқан. Ал ашуға булыққан ер адам автобустан түсіп, терезеге тас лақтырған. Нәтижесінде автобустың терезесі сынып, ал бұзақы оқиға орнына таса болған.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында күдікті ұсталды. Ол Красный-Яр ауылының 36 жастағы тұрғыны болып шықты.

Кейін анықталғандай, ер адам өз ата-анасына барып қайтқысы келген. Алайда, оның қалтасында ақша болмаған. Одан бөлек, мас күйдегі азамат өз әрекетінің маңыздылығын түсінбеген.

Қазіргі уақытта күдіктінің үстінен "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ол өз кінәсін мойындады, енді оған 2 мың АЕК көлемінде айыппұл төлеу немесе түзеу жұмыстары, болмаса 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, не екі жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1812467-kksetauda-asuga-bulykkan-azamat-avtobusty-terezesin-syndyryp-tastady/

pixel