Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында бір ғасыр жасаған қарияға ауылдастары автокөлік мінгізді

Опубликовано:

Түркістан облысы Жетісай ауданы Қарой ауылының тұрғыны Налше Бекшораев ақсақалға ауылдастары ат пен көлік мінгізді. Ғасыр жасаған қарияның бүгінде 11 ұл-қызынан 43 немересі мен 42 шөбересі бар деп хабарлайды Ernur.kz.

Фото: ernur.kz
Фото: ernur.kz: Instagram

Қарттың жұбайы Бекшораева Өлмес Серікбайқызымен отандасқанына биыл 63 жыл толған.

Жүз жасаған қарияның қуанышында Жаңа ауыл округінің әкімі ақсақалға арнайы барып құттықтау хатын тапсырып, кеудесіне "Саналы ұрпаққа өнегелі тәрбие беру жолында еткен еңбегі үшін" медалін тақты.

Ал ауылдас ағайындары қарияға ат және көлік мінгізіп, иығына шапан шауып, сый-құрмет көрсеткен.

Фото: ernur.kz
Фото: ernur.kz: Instagram

Айта кетейік, Налше ақсақал 1921 жылы Жиззақ облысы Фариш ауданында дүниеге келген. Әке-шешесінен жастай жетім қалған қарт кісі еңбекке ерте араласады.

Балалық шағы ашаршылық нәубетіне тура келгендіктен, мектепте оқып сауат ашуға мүмкіндгі болмаған. Өз заманының қиыншылықтарына байланысты күн-түн демей барлық жұмысты атқарған.

Ұлы отан соғысы жылдарында тылда еңбек етіп, аудан орталығынан қашық құмды ауылдарда түйе баққан.

Соғыс жылдарынан кейін колхоз және совхоздарда диханшылықпен, мал және су шаруашылығымен, айналысқан.

Фото: ernur.kz
Фото: ernur.kz: Instagram

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1812554-trkistan-oblysynda-bir-gasyr-zasagan-kariaga-auyldastary-klik-mingizdi-foto/

pixel