Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өте сапалы": Ақтөбеде жүрген Мамин өзіне 18 мың теңгеге күрте сатып алды (фото, видео)

Жарияланған күні:

Бүгін премьер-министр Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақтөбеге барды. Үкімет басшысы қаладағы арнайы киім дүкенін аралап жүріп, су тегін бағаға тұрған қыстық күртеге қызықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Асқар Мамин. Фото: KAZ.NUR.KZ
Асқар Мамин. Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Отандық өнімнің сапасына жоғары баға берген басшы екі жағында киюге болатын арнайы күртенің 54-өлшемін сұрады.

"Өте сапалы өнім. Ыңғайлы екен, бағасы да қолайлы. Енді жұмысқа, іссапарларға киетін боламын. Сіздерге де кеңес беремін", - деді премьер-министр.

Асқар Мамин өзінің суреті бар картамен төлем жасады. Сонымен қатар, үкімет басшысының көмекшісі да "Глобал" ЖШС-нің 860 теңге тұратын қалпағын алды.

Премьер-министр тігін фабрикасының жұмысына жоғары баға берді.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

"Глобал" ЖШС Қазақстандағы үздік тауарларын ұсынып отырған фабрикалардың бірі. Арнайы киім тігумен айналысатын фабрика 2004 жылы іске қосылған. Жылына 250 мың теңгеге өнім береді. Ондағы инвестиция көлемі - 160 млн теңге.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1812602-aktbede-zrgen-askar-mamin-zine-18-my-tegege-krte-satyp-aldy-foto/