Көкшетауда жазасын өтеуші қылмыскер әйел адамды зорлады деген күдікке ілінді
Опубликовано:
Көкшетау қаласындағы қоныс колониясында жазасын өтеп жатқан 30 жастағы ер азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды, ол әйел адамды зорлады деген күдікке ілінді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ЕЦ 166/24 мекемесінде жазасын өтеп жатқан ер адамға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын растады.
"Зорлау фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 120 бабының 1 тармағы (Зорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 1989 жылы туған күдікті қазіргі уақытта қамауда отыр", - деп мәлімдеді ведомство.
Басылым тәртіп сақшылары қосымша ақпарат беруден бас тартқанын жеткізді.
"Басқа мәлімет қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды", - деді полиция департаменті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1812640-kksetauda-zazazyn-teusi-kylmysker-jel-adamdy-zorlady-degen-kdikke-ilindi/