Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордалық екі мыңнан астам бала "Мектепке жол" акциясы аясында көмек алады

Опубликовано:

"Мектепке жол" қайырымдылық акциясы аясында қала әкімдігі 2255 балаға көмек көрсетеді деп хабарлайды мекеменің ресми сайты.

Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігі
Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігі: UGC

Акция жалпыға міндетті білім беру қорының құрамына кірмейтін, бірақ мұқтаж болып табылатын аз қамтылған, көп балалы және жағдайы нашар отбасылардан шыққан балаларға, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығысыз қалған балаларға әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған.

Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігі
Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігі: UGC

Акция аясында "Есіл" ауданынан 400, Байқоңыр ауданынан – 600, Алматы ауданынан – 672, Сарыарқа ауданынан – 463 оқушы көмек алады. Тағы 100 бала қалалық білім басқармасының қолдау шараларымен қамтылады.

Акцияға қатысушыларға отандық өндірушілердің мектеп формасы және қажетті оқу құралдары беріледі.

Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігі
Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігі: UGC

Осылайша, оқушыларға берілетін мектеп формасының орташа бағасы - 30 000 теңге. Ұлдарға арналған пиджак, шалбар, жейде - 22000 теңге және аяқ киім - 8000 теңге; қыздарға - пиджак немесе күрте, белдемше, жейде, поло - 22000 теңге және аяқ киім - 8000 теңге.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1812756-elordalyk-eki-mynan-astam-bala-mektepke-zol-akciasy-aasynda-kmek-alady/

pixel