Қазақстандық ару бұрынғы күйеуі Ресейге ұрлап кеткен ұлын қайтарып алды
Опубликовано:
Дана Амеева әкесі Ресей Федерациясына ұрлап алып кеткен кішкентай ұлымен қайта табысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дананың басынан өткен оқиғаның бақытты аяқталғаны туралы "Немолчи" қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі мәлімдеді.
Амееваның бұрынғы күйеуі соттың шешіміне қарамастан, баласын ұрлап кеткен. Ұзаққа созылған баланы қайтару ісі бүгін өз мәресіне жетіп, келіншек өз ұлымен бірге Алматыға келді.
Ресейлік азаматтың баласын былтырғы жылдың мамыр айында алып кеткені айтылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1812842-kazakstandyk-aru-bryngy-kjeui-resejge-rlap-ketken-lyn-kajtaryp-aldy/