Алматыда билбордқа соғылған жүк көлігі аялдаманы қирата жаздады (фото)
Опубликовано:
Алматыда Рысқұлов даңғылы бойында жапондық автокөлік көшеде тұрған жарнамалық билбордқа соғылып, оны "тамырымен" қоса құлатып жіберді деп хабарлайды "Sputnik Қазақстанға" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның мәліметінше, жол талғамайтын көліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік тротуарға шығып кетіп, билбордты қиратып тастапты.
Жол-көлік оқиғасы болған маңда автобус аялдамасы мен жерүсті жаяу жүргіншілер жолы болған.

Апаттан тек жүргізуші ғана зардап шегіп, оны түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізген.
Полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1812844-almatyda-bilbordka-sogylgan-zk-kligi-aaldamany-kirata-zazdady-foto/