Алматыда балконнан "салбырап" отырған балаларға қатысты полиция жауап берді
Опубликовано:
Алматы қаласының полиция департаменті балконда отырған балалар суреті бойынша пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Полицияның мәліметінше, аталған іс бойынша хабарлама түспеген.
Алайда қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлерінің жұмыс істеп жатқаны белгілі болды.
Тәртіп сақшылары балалар мен олардың ата-аналарының аты-жөнін анықтап жатқанын, алдын-алу жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеді.
Полиция тұрғын үй кешенінің күзет қызметін де тексеріп жатқанын жасырмады.
Еске сала кетсек, әлеуметтік желілерде бір топ жасөспірімнің балкондағы суреті тарап кеткен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1812920-almatyda-balkonnan-salbyrap-otyrgan-balalarga-katysty-policia-zauap-berdi/