Шымкентте Ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды
Опубликовано:
Шымкент қаласы Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы болып Жанар Бектаева тағайындалды деп хабарлайды қала әкімдігінің мәліметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бектаева Жанар Әлібекқызы 1982 жылы Жамбыл облысы, Қаратау қаласында туған. Білімі жоғары. 2003-2006 жылдары Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік универсиеті саясаттанушы мамандығы және саясаттану магистрі бойынша білім алып, 2017 жылы Алматы экономика және статистика академиясының "Экономика және бизнес" факультетін тәмамдағаған.
Еңбек жолын 2004-2006 жылдары Қ.А Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент Институты "Саясаттану" кафедрасының оқытушысы болып бастаған.
2006-2013 жылдары – ОҚО ішкі саясат департаменті талдау және мониторингі бөлімінің бас маманы, 2013-2014 жылдары – ОҚО ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
2015-2016 жылдары ОҚО ішкі саясат және дін істері басқарма басшысының орынбасары болған.
2016-2018 жылдары ОҚО Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары, ал 2019 жылдың қаңтар айынан бері Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1812928-symkentte-iski-saasat-baskarmasyny-bassysy-tagajyndaldy/