Әл-Фараби даңғылында сағатына 80 шақырым жылдамдық белгілері орнатылуда
Опубликовано:
Алматының Әл-Фараби даңғылында сағатына 80 шақырым жылдамдықпен жүруге рұқсат беретін белгілер пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа жылдамдық белгілері Әл-Фараби даңғылының кейбір учаскелерінде байқалады. Дереккөздің ақпарынша, жол қызметкерлері жылдамдықты шектеу белгілерін сағатына 80 шақырымға ауыстыруды жалғастыруда.
Еске сала кетейік, осы жылдың 15 қаңтарынан бастап қаладағы жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында көлік жылдамдығы Әл-Фараби даңғылы, Шығыс айналма жолы, Саин көшесінде сағатына 80 шақырымнан 60 шақырымға төмендетілген болатын.
KAZ.NUR.KZ сауалнамасы кезінде алматылықтар жаңа әкім Бақытжан Сағынтаевтың Әл-Фарабидегі жылдамдықты сағатына 80 шақырымға өзгертетініне сенім білдірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1812954-l-farabi-dagylynda-sagatyna-80-sakyrym-zyldamdyk-belgileri-ornatyluda/