Семей әкімі велосипедке отырып алып, таңғы 6-дан бастап шаһарды аралаған (видео)
Опубликовано:
Семей әкімі Ермек Сәлімов қала көшелерін велосипедпен аралап, шаһар тұрғындарымен тілдесті деп хабарлайды Altaynews.kz.

Басылымның мәліметінше, таңғы 6:00-де жұмысын бастаған шаһар басшысы орынбасарлары мен әкімдіктегі бөлім басшыларын жинап, Юность ауданына велосипедпен барған.
Ермек Сәлімов тұрғындармен жолығып, арыз-тілектерін тыңдаған.
Ол қоқыс шығару мәселе ушығып тұрған аудандарды суретке түсіріп алып, бір сағаттың ішінде көптеген мәселелерді көруге болатынын жеткізген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1812992-velosipedke-otyryp-alyp-tagy-600-den-kalany-aralagan-semej-kimi-trgyndardy-tayrkatty-video/