Елімізде алдағы үш күнде 37 градус ыстық күтілуде
Опубликовано:
Синоптиктер 27-29 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мамандардың сөзінше, аяқталып жатқан жаз мезгілінде әр өңірдегі ауа райы әрқалай болмақ.
Қазақстанның батыс, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында алдағы үш күнде екпінді жел, найзағаймен жаңбыр, ауа температурасының төмендеуі күтіледі.
Алайда 29 тамызда температура қайта көтеріледі.
Сонымен қатар 29 тамызда оңтүстік және оңтүстік-шығыста найзағаймен жаңбыр болуы ықтимал, дегенмен мұнда ауа температурасы ыстық қалпын сақтайды.
Күндіз сынап бағанасы плюс 28-37°С дейін көтерілемек.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1813036-elimizde-aldagy-s-knde-37-gradus-ystyk-ktilude/