Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жас иіс аңсады": Елордалық қария 40 жыл отасқан бәйбішесін тастап, өзге әйелге кетіп қалған

Опубликовано:

Елордалық Нұрилә апаның емшіліктен бөлек көріпкелдік қасиеті де бар. Анасынан дарыған айрықша қасиетті ол бала күнінде байқаған. KAZ.NUR.KZ. тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген тәуіп өзіне қандай адамдар көмекке жүгінетінін айтып берді.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Айтуынша, оның алдына еңкейген кәріден бастап, еңбектеген балаған дейін келеді екен.

"Жарнаманы жаным сүймейді. Өзімнің жылдар бойы емдеп, құмалақ салып келе жатқан таныстарым мен отбасыларым бар. Бұл қызметім үшін ақша да алмаймын. Тек құдайдың берген ерекше қабылеті болған соң, елге пайдам тисе екен деймін.

Алғаш рет бұл қасиетімді бала күнімде байқадым. Анамның көріпкелдік, емшілік қасиеті болатын. Сол кісіден жұққан болу керек.

Құмалақ салып, ауылдың малы мен жылқысы жоғалғанда, қайда екенін тура тауып, айтып беретін. Адамның өлі я тірі екенін де айнытпай болжап беретін.

Міне сол қасиет маған да дарып отыр. Біреуден біреу естіп, соңғы жылдары көп адам келіп жүр. Оның ішінде жасы да, кәрісі де бар", - дейді жасы алпысты еңсерген әйел,

Нұрилә апаның сөзінше, былтырғы жылы оған жасы жетпіске тақаған әжей көмекке жүгініпті. Қария қырық жыл отасқан отағасы жас қызға кетіп қалғанын айтып, оны жанұясына қайтармақ болған екен.

"Мен дуалау дегенді білмеймін. Көбі құмалақ ашу, емшілікті дуалаумен шатастырады. Бірақ ішке жын кіргендерді кәлимасына келтіре аламын.

Былтыр жасы егде тартқан қарт кісі келді. Айтсам ұят, бірақ шалы отбасын тастап, жас қызға кетіп қалған екен. Қазақта "жас қыздың иісін аңсаған" деген сөз бар. Бұл кісіде де тура солай болған.

"Жыламаңыз" деген кеңес айтып, апаны тәубесіне келтіріп, шалынан теріс айналуды сұрадым.

Біреудің көз жасына қалған адамның соңы жақсылыққа апармайды. Ол кісіні де сондай тағдыр күтіп тұрып еді.

Әрине біреудің өміріне араласа алмаймыз, бірақ құмалақ не көрсетеді, соны айтуға парызбыз", - дейді тәуіп әже.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1813218-zas-iis-asady-elordalyk-karia-40-zyl-otaskan-bjbisesin-tastap-zge-jelge-ketip-kalgan/

pixel