Тоқаев 2020 жылды "Волонтер жылы" деп жариялады
Опубликовано:
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды "Волонтер жылы" деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Волонтерлікті дамыту мақсатында Қаулы етемін:
- 2020 жыл Волонтер жылы деп жариялансын.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі Волонтер жылын өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдасын.
- Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
- Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген арнайы құжат мәтінінде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1813230-tokaev-2020-zyldy-volonter-zyly-dep-zarialady/