Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен Қазақстан тумасымын, бұл Ресей емес!": GGG америкалықтарға жауап берді

Опубликовано:

Геннадий Головкин өзін ресейлік деп атаған америкалық журналистердің қатесін түзетті деп жазады Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Мен Қазақстан тумасымын, бұл Ресей емес!": GGG американдықтарға жауап берді
Фото: radio.foxnews.com: UGC

Келеңсіз оқиға Fox News радиосындағы The Ashley Webster Experience бағдаралмасы барысында орын алған.

Головкиннің журналистерге сұхбат беру сәтінде жүргізушілердің бірі: «Ресейлік боксшылар өте мықты...», - деп айтып қалған.

Осы кезде GGG ондай ешкімді танымайтынын алға тартқанда, бағдарлама тізгінін ұстаушы "ол сен" деп жауап берген.

«Мен ресейлік боксшы емеспін, мен Қазақстан тумасымын. Бұл Ресей емес!», - деген Головкин бірден қарсылық білдірген.
Журналист «Бірақ сен Кеңес Одағы...», - дей берген кезде GGG: «Бұл тым ертеде болған», - деп қысқа жауаппен қайырған.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин 5 қазан күні шаршы алаңға шығады. Ол украиналық боксшы Деревянченкомен жұдырықтасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1813487-men-kazakstan-tumasymyn-bl-resej-emes-ggg-amerikandyktarga-zauap-berdi/

pixel