Желіде көп қабатты үйдің шатырында отырған балалардың видеосы тарады

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде Алматы облысындағы биік үйлердің шатырында отырған балалардың видеосы пайда болды. Кадрдан бес жасөспірімнің ғимараттың шатырында жүргенін көруге болады. Оның жартысы отырса, қалғаны емін-еркін қозғалып жүр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр: Facebook

dorogi_almaty_official Instagram парақшасында жарияланған бейнежазбаның астында оқиға Қаскелең қаласы, Алтын ауыл шағын ауданында болған деп жазылған.

Видеоның нақты қашан түсірілгені және балаларының ісінен ата-аналардың хабары бар-жоғы белгісіз.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Алматы қаласында 10-шы қабаттың балконында аяқтарын салбыратып отырған балалардың фотосы пайда болғанын жазған едік.

Балконда қараусыз жүрген балалардың ата-аналарына айыппұл салынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1813583-zelide-kp-kabatty-jdi-satyrynda-otyrgan-balalardy-videosy-tarady/

jitsu gif