Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ләйлә Сұлтанқызы танымал журналист пен әзілкешті сотқа берді

Опубликовано:

Танымал қазақтандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жеке айыптауға қатысты журналист Бибігүл Дәулетбекқызы мен әзілкеш Нұрболхан Шараповтың үстінен сотқа шағымданған. Сот процестерінің басталғаны жайлы айыпталушының мүддесін қорғайтын адвокат Айман Омарова өзінің Facebook парақшасында хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Адвокаттың сөзінше, 29 тамызда журналист пен әзілкешке қатысты сотқа жүгінген Ләйлә Сұлтанқызының шағымы бойынша тыңдау өткен.

"Айыптаудың егжей-тегжейі: Ләйлә Сұлтанқызы өзіне жала жабылды деп санайды. Ал біз оған жала жабылған жоқ, ол бағдарламаға бойжеткенді шақырып, пәктігін ақшаға сатуға дайындай қазақ қызы мен әйелін негативті образда көрсеткені үшін адамдар пікірі мен наразылығын білдірді деп санаймыз", - деп жазды Айман Омарова.

Tengrinews.kz-тің хабарлауынша, Ләйлә Сұлтанқызының адвокаттары сотқа шағымдануға әлеуметтік желілерде тележүргізуші жайлы көрінеу жалған мәлімет тарату және ар-намыс пен абыройға нұқсан келтіретін пікірлер себеп болғанын айтқан. 

"Конституцияның 17-бабына сәйкес адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. Жеке адамның қадір-қасиеті жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын іс-әрекеттер үшін жауапкершілікті көздейтін Қылмыстық кодекстің нормаларымен қорғалады. Олардың арасында жала жабу және адамды қорлау. Егер адамның "пікірі" болса, онда ол басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын шеңберден шықпауы тиіс", - деп мәлімдеді Ләйлә Сұлтанқызының құқыққорғаушылары.

Сонымен қатар сотқа шағым түсіргенін тележүргізушінің өзі де Instagram парақшасында жазды.

"Құрметті оқырмандар! Сіздермен біраздан бері жиналған, сұрауы көп, жауабы болмаған ақпаратпен бөліскім келеді. Әрқайсыларыңыз жеке тұлғасыздар. Қызметте жүргендер, өнерде, өмірде...кім болсаңыз да бастысы бір нәрсені ұмытпаңыз. Әр адам өз құқығын білу керек, қорғау керек. Өміріңізге қатысты балағат, ауыр сөз айтып, жеке басыңызға өзге адам қол сұққанда, көбіне үнсіз қалып жататындарыңызды да білем. Бірақ, көбіне әр істің де, сөздің де сұрауы бар екенін, сұратуға заң бар екенін ескермейміз. Бұл жайлы елбасы да айтты, қалың жұрт та жақсы біледі. ⠀ Менің белгілі бір тұлғаларға қатысты шағымданғаным рас. Осы уақытқа дейін кейбір адамдар шындықтың түбіне жетпей жатып, асыра сілтеп, жарыса сөйлегендер саралаусыз балағаттап, қаралап, қарғап жатты. ⠀ Қандай бағдарлама жүргізсем де, оған қатысқан адамдардың жеке пікіріне байланысты, жалпы бағдарлама жайлы кез келгеннің ой қосуына, пікір білдіруіне, наразы болуына құқығы бар! Кімді қолдайсыз, кімді қолдамайсыз ол да сіздің өз еркіңіз, құқығыңыз!
Бірақ, менің жеке басыма өтіп, адамның ар-ұжданына тиіп, намысын табалауына ешкімнің құқығы жоқ! Сол себепті, ендігі кезек сот процессінде. Келесі постта адвокаттарымның ресми жауабымен бөлісемін...", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1813702-ljl-sltankyzy-tanymal-zurnalist-pen-zilkesti-sotka-berdi/

pixel