Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арман Әшімов мұрны сынса да, қарсыласынан басым түсті (видео)

Опубликовано:

Аралас жекпе-жек спортшысы Арман Әшімов кәсіби мансабындағы он бесінші жекпе-жегін өткізді деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Instagram

Басылымның мәліметінше, қазақстандық спортшы Ресейдің Орынбор қаласындағы M-1 Challenge 104 турниріне қатысқан.

Әшімов бразилиялық Флавио Да Силва Сантоспен жекпе-жек өткізіп, төрешілер шешімі бойынша қарсыласынан басым түсті.

Айта кетейік, Арман кәсіби мансабындағы он бірінші жеңісіне қол жеткізді.

Қазақстандықтың турнирде өнер көрсеткен сәтінің видеосы желіде тарады.

Кадрдан бразилиялық спортшы бірінші раундта айналып теуіп, Әшімовтің мұрнын сындырғанын байқауға болады.

Алайда бұл қазақстандықтың жеңіске жетуіне кедергі болмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1813791-arman-simov-mrny-synsa-da-karsylasynan-basym-tsti-video/

pixel