Дамир Исмағұлов UFC-дегі үшінші жеңісіне қол жеткізді
Опубликовано:
Дамир Исмағұлов UFC Fight Night 157 турнирінде мансабындағы 19 жеңісіне қол жеткізді. Ол UFC аясында өткізген үшінші жекпе-жегін де жеңіспен аяқтады деп жазады Оренбуржьедегі ММА федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жекпе-жек Қытайдағы Шеньчжэн қаласында Universiade Sports Centre аренасында өткен. Дамир Исмағұловқа бразилиялық Тьяго Мойзес қарсы шықты. Ол да қазақ спортшысы сияқты UFC -де екі жекпе-жекке қатысқан.
Кездесу Исмағұловтың жеңісімен аяқталды. Төрешіледің барлығы бірауыздан жеңісті Дамирға берген.
Жекпе-жек аяқталған соң, UFC-дің Instagram парақшасында ұқазақ спортшысының жеңісін тойлаған видесы пайда болды. Исмағұлов бұл жетістігін аса ерекше әрі қайталанбастай атамақ болып, октагонда жаттығу жасап кеткен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1813819-damir-ismaglov-ufc-degi-sinsi-zeisine-kol-zetkizdi/