Полиция қызметкерлері ала таяқты қай кезде қолдана алмайды?
Опубликовано:
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев полиция қызметкерлеріне ала таяқты қайтаруға байланысты пікір білдірді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тұрғымбаев ала таяқ тек жол қозғалысын реттеу үшін қолданылатынын жеткізді.
"Жол апаты кезінде, жол нашар көрінгенде, бағдаршам істен шыққанда, жөндеу жұмыстары кезінде көлікке бағыт-бағдар берген кезде, үлкен делегациялардың колонналарын алып жүру үшін қолданылады", - деді министр.
Оның сөзінше, басқа мақсатта ала таяқты қолдануға тыйым салынған.
Тұрғымбаев инспекторларға тәуліктің қараңғы уақытында және тұман кезінде ала таяқсыз жұмыс істеу қиынға соққанын жасырмады.
Ол 5 қызметкердің жол қозғалысын реттеп жатып дене жарақатын алғанын да растады.
Еске сала кестек, Ішкі істер министрлігі 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап тәртіп сақшылары жол қозғалысын реттеу үшін алатаяқты қолдануға көшетінін мәлімдеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1814512-policia-kyzmetkerleri-ala-taakty-kaj-kezde-koldana-almajdy/