Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Open Qazaqstan: бейнеблогерлер байқауының жеңімпаздары анықталды

Жарияланған күні:

Нұр-Сұлтанда Жастар жылы аясында ұйымдастырылған «Қазақстанды таны» қазақстандық және шетелдік тревел-блогерлердің екі күндік форумы аяқталды. Оның қорытынды кезеңі "Я из Казахстана" бейнеблогерлер байқауының жеңімпаздарын марапаттау болды.

Open Qazaqstan: бейнеблогерлер байқауының жеңімпаздары анықталды
Сурет: Анна Шолгина: Facebook

"I' m from Qazaqstan" байқауы ағымдағы жылдың 11 шілдесінде бастау алды. Оның шарттары бойынша, қатысушылар өз туған қаласы немесе ауылы туралы бейнеролик түсіріп, оның көрікті жерлерін көрсетіп, сүйікті жерлері туралы және туристерге не үшін бару керек екендігі туралы айтып беруі тиіс болатын. Байқауға қатысу үшін барлығы 1000-ға жуық өтінім беріліп, 200-ден астам бейне жұмыс ұсынылды. Байқаудың финалына 15 бейнеблог өтті.

"Я из Казахстана" байқауы бастаушы және озық блогерлерге арналды. Бұл бүкіл әлемге біздің еліміздің әсемдігі туралы айтып берудің тамаша мүмкіндігі болды. Қатысушылардан тек қана бейнеролик түсіру талап етілді, бұл талапты олар өте жақсы орындады, таңдау жасау оңай болған жоқ, финалистерден жеңімпаздарды таңдау қиын болды", - деп атап өтті қазылар алқасының мүшесі Әлішер Елікбаев жеңімпаздарды марапаттау рәсімі барысында.

Байқауға қатысушылардың жұмыстарын шетелдік және отандық блогерлер: Әлішер Елікбаев, Біржан Әшім, Луи Коул және Мурад Османн бағалады. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі үшінші орын және 300 мың теңге ақшалай сыйлықты Алдияр Байрақимов жеңіп алды. Блоггер өз блогында Көк-Жайлау туралы айтып берді. Екінші орынды және 500 мың теңге сертификатын Дмитрий Москаленко жеңіп алды, ол Өскемендегі бірегей Ақ бауыр петроглифтері туралы айтты. Байқаудың жеңімпазы – Алакөл көлі туралы бейнеролик түсірген Дидар Мұратов болды. Ол 1 млн. теңгеге сертификат алды.

"Авиата" компаниясынан арнайы жүлдеге "Адам және табиғат" ролигінің авторы, Алматы қаласынан келген Жасұлан Бақытжанов ие болды. Сондай-ақ, Sevens ауыз суы Ассы платосы туралы бейнеролик түсірген Аида Тастемироваға арнайы сыйлық табыс етті.

Барлық финалистер Қазақстандағы YouTube ресми әріптесімен келісім-шарт жасай алады және өз арналарын дамыту бойынша кәсіпқойлардан кеңес ала алады.

Естеріңізге сала кетейік, жоба Қазақстандағы Жастар жылы аясында жүзеге асырылған болатын. Іс-шараны ұйымдастырушы - "A kind heart" Қоғамдық бірлестігі "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен. Жобаның стратегиялық серіктестері - еліміздің ең ірі интернет БАҚ – "Internet Portal NUR" ЖШС, Қазақстандағы Youtube-тің ресми серіктесі - "Power Media" ЖШС және "Kazakh Tourizm" ұлттық компаниясы, демеушілер - Sevens ауыз суы бар "GALANZ bottlers" компаниясы және "Aviata" компаниясы.

*PR құқында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1814526-open-qazaqstan-bejneblogerler-bajkauyny-zeimpazdary-anyktaldy/