Тоқаев қоғамдық кеңестің алғашқы отырысын ашты

Опубликовано:

Бүгін Тәуелсіздік сарайында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бірінші отырысы өтуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Жиынды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ашты.

Айта кетейік, осы жылдың шілде айында Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесі мен құрамын бекіту туралы" жарлыққа қол қойды.

Ұлттық кеңестің төрағасы Қазақстан президенті, орынбасары президент әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев, хатшысы-президент кеңесшісі Ерлан Қарин болып табылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1814912-tokaev-kogamdyk-keesti-algasky-otyrysyn-asty/