Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұбайлар алған несие бөлек рәсімделсе, қарыздары жеке-жеке өтеледі

Опубликовано:

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова ерлі-зайыптылардың бөлек рәсімдеген несиесі болса, оның көлемі 3 млн теңгеден аспаған жағдайда әрқайсысының қарызы жеке-жеке өтелетінін мәлімдеді деп хабарлайды Атамекен бизнес телеарнасы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Жақыпова бірінші кредиттік бюроға 2 млн 289 адамға қатысты мәлімет жіберілгенін айтты. 

Оның сөзінше, кредиттік бюро барлық мәліметті екінші деңгейлі банктердің базасымен салыстырып тексерді.

Вице-министр әзірше 507 мың адамның борышын өтеуге рұқсат берілгенін растады.

Ол бұл сан алдағы уақытта көбеюі мүмкін екенін жасырмады.

"Ел азаматтарына қатысты мәліметтерді жинау барысында ерлі-зайыптылардың әрқайсы жайлы, сонымен қатар көпбалалы отбасының жәрдемақысы кімнің атына рәсімделгені сарапталды. Шаңырақ көтеріп отырған адамдардың кредиттері жеке-жеке қаралды.
Егер, ерлі-зайыпты адамдар несиені бір-бірінен бөлек рәсімдеген және оның көлемі 3 млн теңгеден аспаған болса, онда олардың әрқайсысының 300 мың теңге қарызы өтеледі. Бұл бір отбасының 300 мың емес, 600 мың теңге кредиті кешіріледі деген сөз", – деді Жақыпова.

Ол қазақстандықтар кредиті кешірілетінін-кешірілмейтінін eGov порталы арқылы біле алатынын жеткізді.

Вице-министрдің сөзінше, бұл үшін порталға тіркеліп, ЖСН енгізу қажет.

"Қазіргі уақытта азаматтардан өз мәртебесін анықтай алмай жатқаны жайлы шағым келіп түсуде. Біз оларға тізімнің әлі толық бекітілмегенін түсіндіріп жатырмыз. Егер, азамат борышын жеңілдететін санатқа жататынын дәлелдесе, тізім толықтырылады және кредит кешіріледі", – деді Жақыпова.

Вице-министр борышы жеңілдейтін санатқа жататын азаматқа қатысты мәлімет кейде порталдан табылмауы мүмкін екенін алға тартты. Оның сөзінше, бұл мәселені шешуге болады.  

Жақыпова егер, 29 жасқа дейінгі тұл жетім eGov порталындағы тізімнен өзін таба алмаса, ол жазбаша түрде білім және ғылым министрлігіне жүгініп, тізімге енгізуін сұрай алатынын айтты.

"Ол өтінішпен бірге ата-анасының қайтыс болғаны туралы құжатты, туу туралы куәлікті тапсыруға  тиіс. Білім және ғылым министрлігі онлайн режімде мәліметті бізге тапсырады, біз порталға енгіземіз", – деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1814962-zbajlardy-blek-rsimdegen-nesiesi-bolsa-rkajsysyny-karyzy-zeke-zeke-telmek/

pixel