Алматыда сулы жолдың салдарынан бірнеше көлік соғысты (фото)
Опубликовано:
Алматыда иномарка жүргізушісінің сулы жолда көлік тізгініне ие бола алмауы салдарынан төрт автокөлік соғысып қалды деп жазады Zakon.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқиға бүгін, алтыншы қыркүйекте Сәтпаев көшесінде болған.
Жол талғамайтын көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, "қарсы бағытқа" шығып кеткен.

Көлік жеңіл автокөлікпен соқтығысып, ол өтіп бара жатқан жүк көлігіне барып соғылды.

Жол апатынан тағы бір Hyundai Accent көлігі зардап шекті. Оқиғадан бірнеше адам жапа шегіп, бір әйелді ауруханаға жатқызды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1815044-almatyda-suly-zoldy-saldarynan-birnese-klik-sogysty-foto/