Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында сенбі күні ауа райы қандай болмақ?
Опубликовано:
7 қыркүйекте елордада ауа райы бұлтты және жаңбырлы болады. Ал оңтүстік астанада күні ашық деп хабарлайды Gismeteo.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтанда күні бойы жауын-шашын жауады. Синоптиктердің болжамынша, жаңбыр түнде де себелейтін болады. Температура 14-15 градусқа дейін төмендейді.
Ал Алматы қаласында 7 қыркүйекке қараған түні аздаған жауын-шашын жауады, ал таңертең ауа райы күн ашық болады. Ауа 21 градусқа дейін жылынады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1815078-almaty-men-nr-sltan-kalalarynda-senbi-kni-aua-rajy-kandaj-bolmak/