Алматы облысы құрылыс басқармасының бұрынғы шенеунігі 8 жылға сотталды
Опубликовано:
6 қыркүйек күні Талдықорғанда Алматы облыстық құрылыс басқармасы заң бөлімінің бұрынғы басшысы Бисерікке қатысты үкім шығарылды деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство мәліметінше, жеке компания басшылығынан 1,5 млн теңгеден астам пара алғаны үшін экс-шенеуніктің кінәсі анықталды, ол заңсыз сыйақы үшін фирманы мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізу туралы өтінімді жіберу мерзімін ұзартпақ болған..
Сонымен қатар, заң бөлімінің экс-басшысы компанияның 3,5 млн теңгесін алаяқтық жолмен иемденіп, 8,5 млн теңгесін ұрлауға оқталғаны, сондай-ақ 3,5 млн теңгеден астам сомаға судьяларға және облыстық құрылыс басқармасының басшысына 8,5 млн теңге көлемінде пара беруге бірнеше рет айдап салғаны үшін айыпталып отыр.
Нәтижесінде Бисерік 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол мемлекеттік қызметте енді жұмыс істей алмайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1815100-almaty-oblysy-krylys-baskarmasyny-bryngy-seneunigi-8-zylga-sottaldy/