Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

14 ер адам қыз зорлады деп күдіктелуде: Іс қайта жанданды

Опубликовано:

Қостанай облысында 22 жастағы қызды зорлауға қатысты іс қайта жанданды деп хабарлайды аймақтық прокуратураға сітеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC
"2019 жылдың 6 қыркүйек күні Қостанай облысы прокуратурасының нұсқауы бойынша 22 жастағы бойжеткенді топтық зорлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу қайта басталды. Полиция департаментіне бірқатар қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу тапсырылды. Істің барысы облыс прокуратурасының бақылауында", - делінген қадағалау органының хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда белгілі адвокат Айман Омарованың Ұлттық сенім кеңесі отырысында Президентке хат жолдап, топтық зорлау құрбаны болған қыз жайлы айтқан болатын. Оның сөзінше, кінәлілер жазаға тартылмаған. Ол сондай-ақ, осыдан кейін қазақстандық бойжеткеннің жүкті болып, бала туғанын айтты.

Құқыққорғаушы Қасым-Жомарт Тоқаевтан тергеуді бақылауын сұрады.

Кейінірек Қостанай облысының полициясы бұл мәлімдемеге түсініктеме берді. Департаментте жедел-тергеу іс-шараларының кешені жүргізілгенін хабарлады. Алайда, ер адамдардың шамамен қылмыс жасаған кезде дәлелдері болды. Сараптама нәтижелері бойынша олардың ешқайсысы баланың әкесі болып табылмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1815110-14-er-adam-kyz-zorlady-dep-kdiktelude-is-kajta-zandandy/

pixel