"Өткізіп жіберейік": Назарбаев өзі туралы әңгімені үзіп, Путинді қолынан ұстап әкетті (фото)
Опубликовано:
Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде жұмыс сапарымен болып, ВДНХ-дағы Қазақстан павильонының тұсаукесеріне қатысты. Ауқымды қалпына келтіруден кейін павильонға Владимир Путин мен Дмитрий Медведев барды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қонақтарды экскурсия жетекшісі қарсы алды. Қазақстан туралы әңгімені бастамас бұры "Мен әңгімемді ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтан бастасам деймін" деп бастады.

Назарбаев жымиып, ишарамен "Мұны өткізіп жіберейік" деп бойжеткенді тоқтатты.

Ол Владимир Путинді қолынан алып, басқа залға әкетті. Ол "Қазақ хандығы" экспозициясынан бастауды ұсынды.

Айта кетейік, ВДНХ-да "Қазақстан" павильоны ауқымды қайта жөндеуден кейін таныстырылды. Оның тарихи келбеті 1954 жылдың үлгісіне дейін қалпына келтірілді.

Ол өрнектелген қасбеттер, мүсіндер және шпилі бар шыны күмбезбен көмкерілді.

Ондаған жылдар бойы ұлттық бояу сұр индустриялық қасбеттің астында "жасырылған" болды - 1960 жылдары павильон "Металлургия" деп аталды.

2011 жылы ол ұлттық көрме орталығын құру үшін Қазақстан үкіметіне берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1815122-tkizip-ziberejik-nazarbaev-zi-turaly-gimeni-zip-putindi-kolynan-stap-ketti-foto/