Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тыныштық бермеді": Қарағандыда бала өлтірген күдіктінің туыстары әйелді кінәлауда

Жарияланған күні:

Күні кеше Қарағанды облысында үш жасар Максим Гарифуллиннің денесі жер қойнауына тапсырылды. Марқұм балақайды ақтық сынға шығарып салуға Бурма ауылы тұрғындары түгел келді. Бүлдіршіннің денесі жексенбі күні ауыл маңайынан табылған деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: KAZ.NUR.KZ. Фото: Видеодан кадрлар
Коллаж: KAZ.NUR.KZ. Фото: Видеодан кадрлар: Twitter

Тергеу жұмыстарының ақпаратына сәйкес, баланы 22 жастағы Игентай Сопыжанов ұрлап кетіп, тұншықтырып өлтірген. Ұзақ уақыт бойы күдікті Максимнің анасымен қарым-қатынаста болған.

Осыдан бес жыл бұрын дәл осы азамат өз сүйіктісінің әпкесін балталап өлтірген екен. Абақтыдан мерзімінен бұрын босаған ол ғашығының қолынан баласын ұрлап кетіпті.

Максимнің туыстары оның сол күні ажал құшқанына сенімді.

Сараптама нәтижесін күткен полиция әлі пікір білдірген жоқ. Ал күдіктінің туыстары Игентайды мейірімді әрі жұмсақ адам ретінде білеміз деп отыр. Олар екі жағдайда да келіншектің өзі кінәлі екенін айтуда.

"Ол (Игентай-ред) оны қатты сүйді. Бірақ, оның (келіншек-ред) өзі кінәлі. Игентай жұмысқа орналасып, жаз бойы жұмыс істеген. Ал ол қайта-қайта хабарласты. Тыныштық бермеді. Міне, осы жағдай содан кейін болып отыр. Оны да түсініңіздер. Ол әлі жас жігіт",- дейді Сопыжановтың өгей анасы Светлана Рейхерт.

Айта кетейік, 5 қыркүйек күні ұрланған сәбидің денесі 8 қыркүйекте табылды. Артынша нақты өлген күнін анықтау үшін мәйітке сараптама тағайындалды.

Кейіннен күдіктіге республикалық іздеу жарияланды.

Артынша күдіктінің жақсы тәртібі үшін түрмеден уақытынан бұрын босап шыққаны белгілі болды.

Жуырда баланың анасы мен күдіктінің кездескені, сондай-ақ, Игентай Сопыжанов осыдан төрт жыл бұрын сүйіктісінің туған әпкесін өлтіргені анықталды. Күдікті Қарағандыда қолға түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1815766-tynystyk-bermedi-karagandyda-lynan-ajyrylgan-jel-kdiktini-zi-mazalagan-ba/