Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Судья ұлын ұрды деп айыпталған әкенің неге бес жылға сотталғанын түсіндірді

Опубликовано:

Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Еркін Майшинов баласын ұрды деп айыпталып, бас бостандығынан айырылған Мұрат Асқароғлыға қатысты сот үкімін түсіндіріп берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC
"Алқа билер мен сот көпшілік дауыспен Мұрат Асқароғлыны бала денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп тапты. Оған кісі өлтіруге оқталды деген айып тағылған болатын, алайда алқа билер мен сот оның іс-әрекетін одан гөрі жеңілдеу қылмыс деп танып, Мұрат Асқароғлыға кісі өлтіруді ойламастан, ауыр дене жарақатын келтірді деген айып тақты", - дейді Еркін Майшинов сот үкімін түсіндірді.

Сот отырысы алқа билердің қатысуымен өтті. 

Еске сала кетейік, Мұрат Асқароғлы ҚР ҚК 106-бабының 2-бөлімі 3-тармағымен айыпты деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1815940-suda-lyn-rdy-dep-ajyptalgan-keni-nege-bes-zylga-sottalganyn-tsindirdi/

pixel